УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа добын таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін УЕФА твиттер желісіндегі парақшасында 2016/2017 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі мен финалында футболшылар ойнайтын допты таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа добын таныстырды

«Finale Cardiff» деген атауға ие болған допты «Аdidas» компаниясы шығарған. Бұл доппен командалар плей-офф кезеңдері мен финалда ойнамақ. Дизайны Уэльс елінің ұлттық таным белгісі айдаһар суретімен бейнеленіпті.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 3 маусым күні Кардифф қаласында өтеді. Ертең плей-офф ойындары басталады.