Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

УЕФА ЧЛ: Қазақстандық клубтар негізгі кезеңнің ойындарын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан қазақстандық клубтар УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде қорытынды матчтарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

УЕФА ЧЛ: Қазақстандық клубтар негізгі кезеңнің ойындарын аяқтады

Атап айтқанда, «Қайрат» Беларусьтің «Лидін» ойсырата жеңіп, өз тобында үшінші жеңіске қол жеткізді. Алматылықтар қарсыластардың қақпасына жауапсыз алты доп салды. Гол авторлары: Тайнан, Ранжел Тайан, Джон, Есенаманов және қос доп салған Эдсон.

Матч 6 қазан күні Приштина қаласындағы Жастар сарайында өтті.

Элиталы кезеңнің ойындары 13-18 қараша күндері аралығында өтеді.

Ал «Ақтөбе» клубы шешуші матчта жеңіліс тапты. Хорватиялық «Ново Вриеме» клубымен өткен ойын қарсыластардың пайдасына 3:4 есебімен аяқталды. Ақтөбеліктердің сапында гол соққандар: Қайрат Иманалин және Евгений Серый (дубль).

Осылайша, 6-топта үш ойында жеңіске жетіп, бірінші орынға ие болған «Ново Вреиме» футзалдан УЕФА-ның Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жолдама алды.

Ойын 7 қазан күні Макарска қаласындағы «Градски Спортски центр» кешенінде өтті.