«УЕФА Даму кубогы»: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыласы - Грузия

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) Грузияда өтетін «УЕФА Даму кубогы» халықаралық турнирі аясында жасыл алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«УЕФА Даму кубогы»: Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыласы - Грузия

ҚФФ баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Игорь Свечников баптайтын жасөспірімдер кеше, яғни 1 мамыр күні Грузия астанасы - Тбилисиге аттанып кеткен.

Біздің футболшылар Беларусь, Румыния және Грузия елдерінің құрамасымен күш сынасады.

Ойын кестесі:

02.05.18. Грузия - Қазақстан

04.05.18. Беларусь - Қазақстан

06.05.18. Румыния - Қазақстан

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы U17:

Қақпашылар: Владимир Бирюков, Әділ Жанайдар (екеуі де - «Қайрат» ойыншылары), Константин Пузанов («Динамо» Минск).

Қорғаушылар: Абдулла Шен, Егор Ткаченко, Александр Ни, Влад Бутырин, Александр Широбоков, Роман Балута, Лев Кургин, Арсен Азатов (барлығы - «Қайрат»), Юрий Аханов («Астана»), Асқар Сатышев (Академия «Оңтүстік»), Исмат Шакиров («Монтажник»).

Жартылай қорғаушылар: Дарын Ергешев, Қаһарман Хасанов, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Димаш Нышантай (барлығы - Академия «Оңтүстік»), Денис Митрофанов («Алтай»), Ален Айманов, Айбар Құсайынов, Александр Бовкун (барлығы - «Қайрат»).

Шабуылшылар: Юрий Рогальский («Ертіс»),  Арман Алтаев («Қайрат»).

Резерв: Қайрат Жақыпбеков, Омар-Васил Нұртаев, Ғалымжан Кенжебек (барлығы - «Қайрат»), Айдос Белгібаев («Ертіс»).

Фото: kff.kz