УЕФА Еуро-2012 матчындағы ресейлік жанкүйерлер тарапынан болған келеңсіздіктерге орай Ресей футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғады

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - УЕФА Еуро-2012 аясында Польшаның Вроцлав қаласы стадионында өткен Ресей мен Чехия матчындағы ресейлік жанкүйлерлердің тұрпайы әрекеттеріне орай аталған елдің футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғады.

УЕФА Еуро-2012 матчындағы ресейлік жанкүйерлер тарапынан болған  келеңсіздіктерге орай Ресей футбол одағына қатысты тәртіптік іс қозғады

Бұл туралы  УЕФА-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.

УЕФА ақпаратына сәйкес, бұл шешім баяндамалар мен қолда бер түсірілімдерді зерделегеннен кейін қабылданған. Аталған мәліметтерге сәйкес, Польшада ресейлік жанкүйерлер отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снарядтарды жағып лақтырған. УЕФА-ның тәртіптік органы аталған істі  13 маусымда қарайды.