УЕФА Еуропа лигасы: «Ордабасы» командасының келесі қарсыласы анықталды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясында екінші айналымға шыққан Қазақстанның «Ордабасы» командасының келесі қарсыласы норвегиялық «Русенборг» командасы болмақ.

УЕФА Еуропа лигасы: «Ордабасы» командасының келесі қарсыласы анықталды

Кеше «Русенборг» Солтүстік Ирландияның «Крузейдерс» командасын 1:0 есебімен ұтып, екінші айналымға жолдама алды. «Ордабасы» болса, кешегі ойында Сербияның «Ягодинасымен» тең түссе де, бұған дейінгі бір голдың арқасында УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы екінші айналымға шықты.

«Ордабасы» - «Русенборг» ойындары шілденің 19-ы және 26-сы күндері өтеді.