УЕФА Еуропа лигасы: «Жетісу» мен «Лех» тең түсіп, жерлестеріміз жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Кеше УЕФА Еуропа лигасы аясында Қазақстанның «Жетісу» мен польшалық «Лех» командасының екінші кездесу өтті.

УЕФА Еуропа лигасы: «Жетісу» мен  «Лех» тең түсіп, жерлестеріміз жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды

Бұған дейін шілденің 5-сі күні осы екі команда Польшада кездескен болатын. Сол кезде «жетісулықтар» 0:2 есебімен ұтылған еді. Осы жолы екі команда тең түсті.  Есеп 1:1. Өкінішке қарай, осымен «Жетісу» құрамасы үшін ойындар аяқталды. Ал оның қарсыласы ұпай жағынан басым түсіп,  УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтары аясындағы келесі кездесулерге жолдама алды.