18:21, 16 Наурыз 2018 | GMT +6
УЕФА Еуропа лигасының ширек финалына жеребе тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа лигасының 1/4 финалына жеребе тарту рәсімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Шараға елші ретінде франциялық футболшы Эрик Абидаль қатысты. Тартылған жеребеге сәйкес, мына командалар бір-біріне қарсылас атанды:
«РБ Лейпциг» (Германия) - «Марсель Олимпик» (Франция)
«Арсенал» (Англия) - ЦСКА (Ресей)
«Атлетико» (Испания) - «Спортинг» (Португалия)
«Лацио» (Италия) - «Зальцбург» (Аустрия)
Ширек финалдың алғашқы ойындары 5 сәуірде өтсе, ал қарымта кездесулер 12 сәуірге белгіленген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарсыластар есімі анықталған болатын.
Фото: www.calcioweb.eu