УЕФА «Евро-2016» аяғына дейін Ресей құрамасын шартты түрде жарыстан шеттету туралы шешім шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында Ресей мен Англия құрамаларының арасындағы кездесу кезінде орын алған тәртіпсіздік оқиғаларын тергеуден кейін УЕФА Ресей футбол одағына 150 мың еуро көлемінде айыппұл салып, команданы турнирдің аяғына дейін шартты түрде жарыстан шеттету туралы шешім шығарды.

УЕФА «Евро-2016» аяғына дейін Ресей құрамасын шартты түрде жарыстан шеттету туралы шешім шығарды

Егер келесі матчтарда стадионда ресейлік жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздік оқиғалары, нәсілшілдік көріністері, пиротехника қолдану тағы да қайталанса, УЕФА РФ командасын турнирден алып тастайды. Шешім тек стадионның ішінде болған оқиғаларға ғана қатысты, деп ескертеді УЕФА сайты.

В тобында өнер көрсетіп жатқан Ресей мен Англия алғашқы турда тең түсті, есеп - 1:1. Кездесу аяқталған соң, ресейлік жанкүйерлер ағылшындар отырған секторға басып кіріп, олардың қолдарынан жалауларын жұлып, бірнеше британдықты соққыға жыққан. Төбелес тәртіп сақшылары араласқанға дейін жалғасқан еді.