УЕФА ФИФА басшысын сайлауға бойкот жасамайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығының одағы ФИФА конгресіне бойкот жасамау шешіміне келді. Ұйымның президентін сайлау жоспарға сәйкес жұма күні өтеді.
None
None

Би-би-си хабарлағандай, бұл шешім УЕФА басшылығының шұғыл отырысында қабылданды.

27 мамырда Швейцарияда жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ФИФА жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды. Олардың ішінде ФИФА-ның вице-президенттері Джеффри Уэбб пен Эухенио Фигередо бар.

Сәрсенбі күні ФИФА футболға қатысы бар қызметтердегі 11 адамды босатты. Оларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар