UEFA індетке қарамастан 2021 жылдан үшінші еурокубок ойындарын өткізбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға қарамастан, 2021/22 жылғы маусымнан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан бөлек тағы бір клубтық жарыс – Конференциялар лигасын ұйымдастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

UEFA індетке қарамастан 2021 жылдан үшінші еурокубок ойындарын өткізбек

Британдық The Guardian басылымының жазуынша, бұл туралы UEFA басшысы Александер Чеферин мәлім еткен.

«Біз 2021/22 жылғы маусымнан бастап Конференциялар лигасын өткізуді бастаймыз. Оны кейінге қалдырмаймыз», - деп атап өткен Чеферин.

Конференциялар лигасының топтық кезеңінде сегіз топқа бөлінетін 32 команда ойнайды. Квартет жеңімпаздары ақтық жарыстың 1/8 кезеңіне өтеді, екінші орын еншілеген командалар Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған клубтармен плей-оффқа шығу үшін бәсекелеседі. Жарыс жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алады.