УЕФА Израиль аумағында еурокубок матчтарын өткізуге тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) өңірдегі тұрақсыз жағдайға байланысты келесі өкімге дейін Израиль аумағында матчтар өткізуге тыйым салды.
Бұл туралы УЕФА ресми сайтында хабарланды.
Мұндай шешім төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыс тобының отырысында қабылданды. Осыған байланысты Израиль клубтары 2104/15 маусымында Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы ойындарын өз алаңдарында өткізуі үшін шетелдегі баламалы стадиондарды ұсынуды өтінді.