УЕФА Қазақстан футбол федерациясына €1 миллион береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА) өз құрамындағы әр қауымдастықтың дамуына қосымша 1 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Sports.kz сілтеме жасап.
«Біз әрбір қауымдастыққа қосымша бір миллион еуро беруді ұйғардық. Мұндай қомақты төлемдер жақсы қаржылық нәтиже мен УЕФА-ның табысты турнирлерінің арқасында беріліп отыр», - деп хабарлады конгресс отырысы барысында УЕФА президенті Александер Чеферин.
Ұйым құрамында 55 ұлттық қауымдастық бар, деп жазды kazfootball.kz.