УЕФА кешiккені үшін «Барселонаға» 110 мың еуро айып салды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа Суперкубогі үшін тамыздағы «Портуға» қарсы ойын кезінде екi минут кешiккені үшін футболдан Еуропа клубтық чемпионатының жеңiмпазы - испандық «Барселонаға» 110 мың еуро айып салды.

УЕФА кешiккені үшін «Барселонаға» 110 мың еуро айып салды

УЕФА-ның ресми хабарламасында үзілістен кейін команда алаңға екі минут кешігіп шығуына байланысты жазалау туралы шешім қабылданғаны аталып өтілген, сол үшін «Барселона» жанкүйерлерi стадионға ленталар мен плакаттар лақтырған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Суперкубок иегерлерінің басшылығы жазаға шағым түсіре ме, жоқ па, оны үш күннің ішінде шешуі тиіс.