УЕФА коронавирусқа қарамастан ЕЧ-2020 ойындарын өткізуді сұрайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Еуропа чемпионаты 2020 матчтарына қатысатын елдер билігінен коронавирустың таралуына қарамастан турнирді белгіленген мерзімде өткізуге жағдай жасауды сұрайды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

УЕФА коронавирусқа қарамастан ЕЧ-2020 ойындарын өткізуді сұрайды

Еуропа чемпионаты 60 жылдық мерейтой құрметіне орай 12 маусым мен 12 шілде аралығында 12 қалада: Санкт-Петербургте, Лондонда, Мюнхенде, Бакуде, Римде, Бухаресте, Дублинде, Копенгагенде, Бильбаода, Глазгода, Будапеште және Амстердамда өтеді.

Турнирдің 12 маусым мен 12 шілде аралығында өтуі жоспарланып отыр.