УЕФА «Манчестер Ситиге» 50 млн. фунт айыппұл салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) ағылшындық "Манчестер Ситиге" қаржылық fair-play бұзғаны үшін 50 млн. фунт (61 млн. еуро) айыппұл салмақ.

УЕФА  «Манчестер Ситиге» 50 млн. фунт айыппұл салмақ

Бұл туралы "Скай ньюс" телеарнасы хабарлады.

"Манчестер" бұл айыппұлды үш жылдың ішінде бөліп төлейтін болады.

УЕФА ағымдағы жылғы маусымда еурокубокқа қатысқан 237 клубты тексеруді бастады.