УЕФА мәскеулік ЦСКА командасын жазалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА мәскеулік ЦСКА командасын жазалады. Енді олар алдағы өз алаңындағы еурокубок ойындарының матчын трибунаның жарым-жартылай жабылуы арқылы өткізеді. Бұл туралы УЕФА сайтында хабарланды.
None
None

Онда ЦСКА үшін сынақ мерзімі бір жылға созылатындығы атап өтілген.Сондай-ақ клубқа 44 мың еуро айыппұл салынды.

Айта кетсек, ЦСКА 7 қарашада "Лужники" стадионында италиялық "Ромы" командасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Ойын қорытындысына сәйкес УЕФА мәскеулік клубқа байланысты үш бап: өтетін баспалдақтарды бөгеу, жанкүйерлердің поиртехникаларды пайдалануы және түрлі заттарды алаңға лақтыруы бойынша тексерген еді.

Соңғы жаңалықтар