УЕФА президенттігіне үміткер Чеферин сыбайлас жемқорлықпен күресуге ниетті екенін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) президенттігіне үміткер словениялық Александер Чеферин ұйым басшылығына тағайындалған жағдайда сыбайлас жемқорлықпен, допинг және келісілген матчтармен белсенді түрде күрес жүргізетіндігін мәлімдеді, деп хабарлады Reuters агенттігі.

УЕФА президенттігіне үміткер Чеферин сыбайлас жемқорлықпен күресуге ниетті екенін мәлімдеді

«Мен сыбайлас жемқорлықпен, допинг және келіскен матчтармен күрес жүргізу, барлық қатысушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету арқылы спорттың бұл түрін тиімді қорғау үшін жұмыс істейтін боламын», - деді Чеферин.

УЕФА президенттігіне сайлау 14 қыркүйек күні Афина қаласында өтеді. Словениядағы Футбол одағының президенті Чефериннен бөлек тағы екі кандидат - Нидерланды Корольдік футбол одағын басқаратын голландиялық Михаэль ван Праг және Испаниядағы Корольдік футбол федерациясының басшысы Анхель Мария Вильяр сайлауға түседі.