УЕФА рейтингінде «Астана» 67-орында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА ресми сайты 2017/2018 маусымдық ойын қорытындысы бойынша клуб коэффициенттерінің рейтингін жариялады, деп жазады Sports.kz.

УЕФА рейтингінде «Астана» 67-орында тұр

Аталған рейтингте елорданың «Астана» футбол клубы 21,750 балдық көрсеткішпен 67-орында тұр. Сондай-ақ аталған рейтингке «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Шахтер» басқа да қазақстандық командалар кірген.

Қазақстан 2017/18 жылдардағы маусымдық ойын қорытындысы бойынша 28-орынды иемденді, ел қоржынында 18,125 ұпай бар.