УЕФА үшінші еурокубокты құруды жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) үшінші еуропалық клуб жарысын құру мүмкіндігін зерттеп отыр, деп хабарлайды «Р-Спорт».

УЕФА үшінші еурокубокты құруды жоспарлап отыр

УЕФА-ның құрамына кіретін федерациялардың өкілдері ұйымның атқарушы комитетінің бейсенбі күні Мальтада басталатын отырысының алдында үшінші еуропалық клуб жарысын құру мүмкіндігін талқылады.

Бәсекеге Еуропа Лигасының іріктеу кезеңдерінен өтпеген клубтар қатыса алатыны шамаланып отыр. Жаңа жарыс ағымдағы телевизиялық келісімшарттар аяқталатын 2018 жылдан ерте басталмайды. Жарыстың аяқталуы күнтізбелік жылдың соңына белгіленуі мүмкін.