УЕФА Жасөспірімдер лигасы: «Қайрат» «Динамоны» тас-талқан етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қайрат» сырт алаңда УЕФА Жасөспірімдер лигасы 1-біліктілік раундының алғашқы матчында Тбилисидің «Динамосын» басымдықпен жеңді.
Тбилисидегі Борис Пайчадзенің атындағы «Динамо-Арена» стадионында «Қайраттың» жасөспірімдері (19 жасқа дейін) жергілікті команданы 3:0 есебімен жеңді. Нәтижелі соққыларды Максим Котов (55-минут), Ақмал Бақтияров (60 және 72-минуттар) жасады.
Қарымта матч 19 қазан күні Алматыда өтеді. Егер «Қайрат» екінші біліктілік кезеңіне өте алса, онда австриялық «Зальцбургпен» немесе македониялық «Вардар» командасымен кездеседі.
Sports.kz.