УЕФА Жасөспірімдер лигасында «Астана» «Галатасарайдан» ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» U-19 УЕФА Жасөспірімдер лигасының топтық кезеңінің қорытынды ойынында ыстамбұлдық «Галатасарай» U-19-дан 0:3 есебімен жеңілді, деп жазды Sports.kz.
Алғашқы таймда Тамерлан Жүнісовтың қақпасына үш жауапсыз гол соғылды. Екеуін Волкан Ишсевер, тағы бірін Керем Чалышкан қақпаға гол соқты.
Осылайша, қазақстандықтар алты ойында ұпай жинап үлгермеді.