ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің басшылығы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға ҰЭМ Құрылыс істері, ТКШ және жер ресурстарын басқару комитетінің басшылығын таныстырды, деп хабарлады ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінен.
None
None

Комитет төрағасы - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Қосман Айтмұхамбетов.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасы лауазымын атқарған Владислав Галиев.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Бауыржан Смағұлов.

Комитет төрағасының орынбасары - бұдан бұрын ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің заң департаменті директоры болған Дина Акрачкова.

«Комитет алдына - ТКШ жүйесінің мәселелерін шешу, құрылыс саласында жаңа стандарттарға көшу, жер ресурстарын тиімді пайдалану нақты міндеттері қойылды», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар