«Уэмблидегі» Головкинмен жекпе-жек аса мол қаражат жияды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Энди Лиден титулды тартып алған орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс өзінің Геннадий Головкинмен кездесуі мүмкіндігі жайында айтқанында, онымен жазда жекпе-жекке шығуға қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады worldboxingnews.net.
None
None

Титулын алғаш рет Сондерс украиналық Максим Бурсакқа қарсы 30 сәуірде өтетін айқаста қорғайды.

"Бурсакпен жекпе-жегім сәуір айында өтетіні жақсы болды. Бұл ағымдағы жылы шаршы алаңға үш рет шығуыма мүмкіндік береді. Мен шілде айында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Менің көздегенім Бурсакты жеңіп, жазда Юбенко немесе Головкинмен кездесу. Қарсыласым Головкин болса, кейін тағы бір үлкен жекпе-жек өткіземін", - деді Сондерс.

"Ақылы жекпе-жектерді ұнатамын. Головкинмен "Уэмбли" немесе өзге стадионда кездессем көп табысқа ие болар едім. Соны тағатсыздана күтіп отырмын. Отбасымның жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін бокспен айналысып жүрмін", - деп қосты чемпион.

Соңғы жаңалықтар