ҮЕҰ арналған сыйлыққа конкурс жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлыққа конкурс жариялады. Өтініштер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қабылданады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Сыйлық әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдарға 15 бағыт бойынша беріледі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерін уақытылы тапсырып отыратын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Бір үкіметтік емес ұйым бір мезетте бірнеше номинация бойынша сыйлыққа үміткер бола алмайды. Сыйлық бір мәрте ие болған үкіметтік емес ұйым үш жыл ішінде конкурсқа екінші рет қатыса алмайды.

Үкіметтік емес ұйымдардың байқауға қатысу туралы өтініштері      ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне жіберілуі тиіс. Байқауға қатысу үшін өтініш және сауалнама нысаны, сыйлыққа үміткер ұйымның қызметінің сипаттамасы, қоғамдастық өкілдерінің ұсынымдары (ҮЕҰ) және (немесе) мемлекеттік органдардың  ұсынымдары, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері, банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа) болуы керек.  Құжаттар 2018 жылдың  1 шілдесінен бастап   1 қыркүйекке дейін қабылданады. 

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын. 

Аталған Заңның қабылдануы сыйлық алуға ұсынылатын үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндігін кеңейтеді. Бұрын ҮЕҰ сыйлық алу үшін жыл сайынғы конкурсқа бір рет қатысып, одан кейін үш жыл ішінде конкурсқа қатыса алмайтын. Заң қабылданғаннан кейін өткен жылы сыйлықақы алуға ұсынылған, бірақ жеңімпаз болып табылмаған үкіметтік емес ұйымдар келесі жылдары да сыйлық алуға үміткер бола алады.   

Соңғы жаңалықтар