ҮЕҰ-лар Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңестік органдарына кіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың халықаралық ұйымдардың, қорлардың, сондай-ақ құқық қорғаушы ҮЕҰ-лардың қазақстандық өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Кездесу соңында қатысушылар дәстүрлі іс-шараларды Адам құқықтары және заңды сақтау жөніндегі халықаралық бюроның алаңында өткізу туралы, сондай-ақ құқық қорғау ұйымдарының өкілдерін агенттіктің консультативтік-кеңесші органдары құрамына қосу туралы шешім қабылдады.
Баяндама жасау барысында А. Шпекбаев іс-шараға қатысушылардың назарын агенттіктің сындарлы сын-ескертпелерді қабылдауға және проблемаларды бірлесіп шешу үшін шаралар әзірлеуге дайын екендігіне аударды.
Кездесу ашық форматта өтті, оның барысында әрбір қатысушы сөз сөйлеп, ескертпелері мен ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды.