Уфада мамонттың сүйегі табылды

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Уфалық әйел мамонттың беломыртқа сүйегін тапқан және Ресей ғылым академиясы Уфа ғылыми орталығының археология және этнография мұражайына сыйға берген,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Уфаның тұрғыны Нафиса Билалова сүйекті демалысқа шыққан кезінде өзен жағалауынан тапқан. Мұражай қызметкерінің айтуынша олжаға толық зерттеу жүргізілмеген, алайда мөлшеріне қарағанда мамонттікі екенін жазбай тануға болады. Мұның беломыртқа сүйегі екендігі даусыз.

 Ғылыми қызметкердің айтуынша, қазіргі уақытта мұражайда мамонт сүйектерінің бірнеше бөліктері сақталған. Олар облыс аумағында жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде табылған. Бұларды да жергілікті тұрғындар мұражайға сыйға берген.

 Жақында палеонтологтарға Жайық өзенінен жасы 20-50 мың жыл болатын мамонттың бас сүйегін анықтаудың сәті түсті. Бас сүйекті балықшылар тапқан. Барлық осы жылдары ол су астында жатқан.

Соңғы жаңалықтар