Уфада ШЫҰ және БРИКС елдері өңірлерінің шағын бизнес форумы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШЫҰ және БРИКС елдері өңірлерінен билік пен бизнестің мың жарымнан астам өкілдері бүгін Уфада басталатын шағын бизнес форумына қатысады, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Башқұртстан сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі Марина Еникеева.
None
None

Шағын бизнес форумы Уфада 21-23 қазан күндері өтеді. Оған Ресей мен шетелдердің шағын және орта бизнес компанияларының өкілдері, бизнес-қауымдастықтар мен билік органдарының басшылары, сарапшылық қоғамдастығының қайраткерлері, сондай-ақ шетелдік және өңірлік ресми делегациялар, ШЫҰ және БРИКС елдерінің өкілдері қатысады.

Ведомство мәліметтері бойынша форумға Бразилия, Үндістан, Қытай, ОАР, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен, Ресейдің 51 өңірінен, сондай-ақ Беларусь, Ауғанстан, Пәкістан, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Уганда, Италия, Сербия, Австрия, Мальта, Моңғолия мен Украина елдерінен бір жарым мың қатысушы тіркелді.

Форумда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық және қаржылық қолдаудың үздік тәжірибелеріне, компаниялардың шетелдік нарықтарға қолжетімділігін жеңілдету жөніндегі ұсыныстарға баса көңіл бөлінеді. Ұйымдастырушылар шара қорытындысымен қабылданатын ұсыныстар ШЫҰ және БРИКС қатысушы елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту стратегиясын қалыптастыруға, сондай-ақ инвестициялар тартуға және бірлескен бизнес-жобалар санын арттыруға жәрдемдеседі деп үміттенеді.

Шара Ресейдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына 2014-2015 жылдардағы және БРИКС бірлестігіне 2015 жылғы төрағалығы ауқымында өтеді.

Соңғы жаңалықтар