Уфада Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау процедурасын бастау туралы шешім қабылданды
УФА. ҚазАқпарат - Бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің қорытындысына сәйкес Үндістан мен Пәкістанды Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше ретінде қабылдау процедурасын бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Үндістан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке қабылдау процесінің басталғандығы туралы шешімге қол қойды.