UFC қазақ файтерінің келесі айқасы қашан болатынын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің үздік промоушны UFC қазақ файтері Дамир Ысмағұловтың келесі айқасының датасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
UFC Russia өзінің Instagram парақшасында Ысмағұловтың армян спортшысы Арман Царукянға қарсы өтетін келесі жекпе-жегі қашан болатынын жариялады.
Файтерлер арасындағы айқас UFC Vegas 66 турнирінде 18 желтоқсан күні өтпек.
Лигада қатарынан бес мәрте жеңіске жеткен Дамир Ысмағұлов промоушеннің жеңіл салмақ санатындағы рейтингісінде 12-орында тұрса, Царукян тоғызыншы болып тұр.
Айта кетейік, екі файтердің де менеджері – қазақстандық Саят Әбдрахманов.
Фото: sports.kz