UFC келесі турнирі қашан және қайда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Las Vegas Review-Journal журналы UFC президенті Дэна Уайт промоушеннің келесі турнирі 30 мамыр күні Лас-Вегаста болатынын растағанын жазды. Бұл туралы ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

UFC келесі турнирі қашан және қайда өтеді

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы штат аумағында спорт шараларын өткізуді әлі мақұлдаған жоқ. Бірақ Уайттың айтуынша, комиссия Лас-Вегас аумағында турнирді көрерменсіз өткізу идеясын толығымен қолдайды.

Еске сала кетейік, UFC екі апта ішінде үш турнир өткізген болатын. 9 мамырда UFC 249, 14-і күні UFC Fight Night 171 турнирі және 16-сында UFC Fight Night 172 шоуы өтті. Барлық турнир Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) болды.

UFC турнирі аясында 30 мамырда ұйымның экс-чемпионы Тайрон Вудли мен Гилбер Бернстің арасында жекпе-жек өтеді.