00:18, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Уганда тұрғыны марқұм әйелі үшін қолтырауыннан кек алды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Мубалак Батамбузе деген Уганданың 56 жастағы тұрғыны аяғы ауыр әйелін жеп қойған қолтырауынның ізіне түсіп, оны өлтірген.
Қайғылы қаза қараша айында болған. Оқиғадан кейін ер адам оны тауып, шаншып өлтірген. Қолтырауынның асқазанынан адамның сүйегі мен Батамбузе әйелінің киімі табылды, деп хабарлады «Газета.Ру» жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Статистикаға сәйкес, жылына қолтырауындар Уганданың 30-ға жуық тұрғынын өлтіреді.