Угандада кеме апатынан 30-ға жуық адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Виктория көлінде бортында 100 жолаушысы бар яхта апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Сенбі күні Угандадағы Виктория көлінде болған кеме апатынан кем дегенде 29 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні полицияға сілтеме бере отырып, Reuters хабарлады.

Daily Monitor газетінің ақпаратынша, бортта барлығы 100-ден астам адам болған. Оның ішінде 40 адам құтқарылды. Баспасөз құралының жазуынша, құтқарылған адамдар ішінде 1960-жылдары биліктен аластатылған Дауди Васайя патша әулетінің тақ мұрагері бар болып шықты.

Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум