Угандадағы жантүршігерлік апат: 32 адам қайтыс болды

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Уганданың батысында жоғары жылдамдықты тасжолда бес көлік соқтығысып, 32 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Monitor газетіне сілтеме жасап.

Угандадағы жантүршігерлік апат: 32 адам қайтыс болды

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жоғары жылдамдықты Форт-Портал – Касесе тасжолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында мерт болды, тағы бес адам ауыр жарақат алды», - деп мәлімдеді Уганданың Қызыл Крест өкілі Иран Накасита.

Куәгерлердің айтуынша, жол апатына жүк көлігін жүргізуші себеп болған. Ер адам рульге ие бола алмаған. Автокөлік шанағында адамдар болған.

Полиция апаттың жай-жапсарын тергеуді бастады.