02:41, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Уго Чавес Кубадағы емін аяқтап Венесуэлаға оралды
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Венесуэла Президенті Уго Чавес Кубада емделуін аяқтап, еліне оралды. Бұл туралы Чавестің өзі микроблогында жазды, деп хабарлайды Утро.ру.«Венесуэлаға ораламын! Құдайға шүкір! Қымбатты достар, сіздерге рахмет! Отанымда мен емделуді жалғастырамын», - деп жазады ол.

Естеріңізге сала кетейік, қатерлі ісікпен күресіп жатқан Венесуэла басшысы өткен жылдың желтоқсан айынан бері Гаванада ем қабылдаған.