Уго Чавес мүсіні бассыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венесуэлада вандалдар Уго Чавес мүсінін бассыз қалдырды.
Әскери қызметшілердің күшейтілген күшінің болуына қарамастан Сан-Антонио қаласындағы шерушілер елдің бұрынғы президентінің ескерткішіне жетіп, оның басын аралап кесіп тастады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Айта кетейік, елдің қазіргі басшысы Николас Мадуро үкіметіне қарсылық шаралары бұл елде бірнеше аптадан бері жалғасуда. Венесуэла президентінің мәліметтеріне қарағанда, қарсылық акцияларының салдарынан бүкіл ел аумағында 50-ден астам адам мерт болған.