Уго Чавес Түрікменстанға ресми сапармен келді

АСТАНА.  Қыркүйектің 7-сі.  ҚазАқпарат -    Венесуэла  Республикасының  Президенті Уго  Чавес  кеше,  қыркүйектің 6-сында Түрікменстанға   алғашқы ресми  сапармен  келді, 
None
None

деп  хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

Ашғабад  Венесуэла  басшысының сапарын  «сындарлы  мемлекетаралық  диалогтың   бастауы,  екі мемлекеттің    көпжоспарлы  ынтымақтастықты дамытуға  деген   ниеттерінің  айғағы»  ретінде бағалап отыр.

Құрбанқұлы  Бердімұхамедов  пен  Уго  Чавестің    ресми кездесуі  дүйсенбіге,    қыркүйектің 7-сінде  жоспарланды,  деп хабарлады   Түрікменстан  басшысының  баспасөз қызметінен. «Мемлекет басшылары       екі  елдің  экономикалық әлеуетінің    негізіндегі келешегі  кемел      ұзақ мерзімдік  экономикалық серіктестіктің   басымдығын  нақтылайды  және     бірқатар   өзекті  мәселелерді  талқылайды», деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар