Уго Чавестің беті бері қарады
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Венесуэла Ұлттық ассамблеясының басшысы президент Уго Чавестің желтоқсанда қатерлі ісікке қарсы жасалған операциядан біртіндеп сауығып келе жатқанын хабарлады.
58 жастағы Уго Чавеске желтоқсанның 11-інде Кубада қатерлі ісікке қарсы төртнші рет операция жасалып, ол содан бері ауруынан айыға алмай жатқан еді.
Венесуэланы 14 жыл бойы басқарып келе жатқан Чавес өткен жылдың қазан айында президенттікке қайта сайланған. Бірақ қаңтарға белгіленген ұлықтау рәсімі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды «Азаттық».