ҮИИД алғашқы бесжылдығында Тәуелсіздік алғаннан бергі барлық инвестициядан 2,5 есе көп қаражат тартылды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығында өңдеу өнеркәсібіне еліміз Тәуелсіздігін алғаннан бергі барлық жылдарда тартылған шетелдік қаражаттан 2,5 есе көп инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызиетінде өткен брифингте «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов айтты.
None
None

«Бүгін ғана, дәлірек айтсақ, түске дейін біз ҚР Президентінің индустриализация бойынша бірқатар жетекші сарапшылармен кездесуін ұйымдастырдық. Онда алғашқы бесжылдықтың белгілі бір салалары бойынша қорытындылары жарияланды. Айта кетейік, бесжылдық әлі аяқталған жоқ, дегенмен кейбір аралық нәтижелер шығарылып жатыр. Мәселен, өңдеу өндірісінің еңбек өнімділігі осы 5 жылда 60%-ға артып отыр. Аталған уақыт аралығында, яғни 4,5 жылда осы салаға тартылған барлық шетелдік инвесьицияның 70 пайызы салынды. Яғни бұл тәуелсіздік алғаннан осы бесжылдық басталғанға дейінгі барлық инвестициядан 2,5 есе көп деген сөз», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан қабылданған шаралардың арқасында өңдеу саласы бүгінде шетелдік инвестициялар ең көп салынатын салаға айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар