ҮИИД МБ аясында «Asia Trafo» кәсіпорнын іске қосқаннан кейін 400 адам жұмыспен қамтылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ҮИИД МБ аясында «Asia Trafo» кәсіпорнын іске қосқаннан кейін 400 адам жұмыспен қамтылады.

ҮИИД МБ аясында «Asia Trafo» кәсіпорнын іске қосқаннан кейін 400 адам жұмыспен қамтылады

«Asia Trafo» кәсіпорны 110-220 кВ қысым сыныпты трансформаторлар шығаруды қолға алмақ. Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 дана трансформатор шығаруға мүмкіндік береді. ОҚО кәсіпкерлік басқармасында хабарлағандай, жоба құны 5 040 млн. теңге, 2 520 млн. қарыз ақша болса, қалған сома - өз қаражаты. Тассай ауылының индустриалдық аймағынан берілген 22 га жер учаскесі мемлекеттік қолдауы. Құрылыс 2013 жылы басталған. Өндірісті іске қосу 2016 жылғы желтоқсанға көзделген. Зауыт ашылғаннан кейін 400-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Зауыт толықтай іске қосылғаннан кейін бизнесмендер 20 пайызын жергілікті нарыққа, 80 пайыз өнімді экспортқа шығаруды болжап отыр.