ҮИИД МБ мәнін көрсететін бюджеттік бағдарламалардың тізбесін анықтау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ҮИИД МБ мәнін көрсететін бюджеттік бағдарламалардың тізбесін анықтау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына бөлінетін қаражаттың тиімділігі мәселесіне тоқталған ол: «Ең алдымен қандай шығындар индустрияландыруға тікелей қатысты екендігі туралы мәселені әдіснамалық жағынан анықтаған жөн екендігінен бастайын. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына жатқызылатын шығыстарға мемлекеттік бағдарламаның өзінің мақсаттары мен міндеттерін көрсетпейтін қаражат енгізілгенін атап өткен жөн», деді.
Осыған орай индустриялық бағдарламаны іске асыруға бағытталған қаражатты нақты көрсету, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының мәнін көрсететін бюджеттік бағдарламалардың тізбесін анықтау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады. «Аталған жұмыс ағымдағы жылғы қыркүйекке дейін аяқталатын болады», деді Б.Жәмішев.