ҮИИДМБ жобаларын тоқыратқан ұлттық компания басшылары жазаға тартылады - Ә.Исекешев

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бірқатар өңірлер еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы мен Индустрияландыру картасы бойынша жұмыстарды әлсіретіп жіберді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

Оның атап өтуінше, аталған бағыттағы жұмыстар Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау облыстарында нашар болса, Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар проблемалы жобалар бар.

«Серік Нығметұлы осыған байланысты мен Ақмола, Атырау, Солүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары әкімдердің бағдарламаға жетекшілік ететін орынбасарларына, сонымен қатар Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармаларының бастықтарына тәртіптік жаза шарасын қабылдауды тапсырдым», - деді ол.

Сондай-ақ Ә.Исекешевтің сөзіне қарағанда, «Қазавиаспектр» жобасы бойынша «ҚазАгро» төрағасының орынбасары Матажанов, Балқаш СЭС-ін жүзеге асыру бойынша «Самұрық-Энерго» вице-президенті Оспанов сөгіс алатын болады.

Соңғы жаңалықтар