Уильям ханзада Букингем сарайындағы барлық піл сүйектерін жоюға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уильям ханзада әлем жұртшылығын піл сүйегі мен мүйізтұмсық мүйіздерін заңсыз өндіретіндерге назар аударуға үндеді, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Ол алдымен Букингем сарайында жинақталған барлық піл сүйектерін алып тастауды, содан соң оларды жоюды ұсынды. Әңгіме осындағы шамамен 1200 сүйекке байланысты болып отыр.
Ханзаданың ұсынысы британ парламентінде қолдау тапты. Атап айтқанда, консерватор Пола Кахумбу: «Бұл шара британдықтарды өз иеліктеріндегі заңды немесе заңсыз жолмен тапқан піл сүйектерінен арылуға ықпал етер еді», деген пікірін білдірді.