Уилл Смит Африкадағы 100 метрлік сарқырамадан секірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актер Уилл Смит Африкадағы Замбия мен Зимбабвенің шекарасында орналасқан Виктория сарқырамасында банджи-джампингпен айналысты. 

Уилл Смит Африкадағы 100 метрлік сарқырамадан секірді

Бұл туралы TMZ басылымы хабарлады.

Актер аяғына ұзын созылғыш арқан байлап, қолына шағын камераны ұстап, көпірден төмен қарай секірді. «Бұл керемет кадр болады», - деді Смит, төмен қарап салбыраған күйі.

 Ол 20 жыл бойы осылай секіруді армандағанын айтты.

Виктория - биіктігі 100 метрден, ал ені - бір шақырымнан асатын әлемдегі жалғыз сарқырама. Ол Африканың басты көрікті орындарының бірі болып  саналады.