Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Қазақстанға келе жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Қазақстанға келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 12 шілде күні Елена Рыбакина елордада журналистермен, жас спортшылармен және жанкүйерлермен жүздеспекші.
«Қымбатты қазақстандықтар! Мен елге келе жатырмын. Сіздер мені Уимблдондағы жеңісті жарыста қатты қолдадыңыздар. Мұны мен сезіндім, сол үшін алғыс айтамын. Біз тарихи сәтті бастан бірге кешірдік. Тамаша сәт! Мұның өз басымнан өткеніне әлі сене алар емеспін», - деді Е.Рыбакина.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің чемпионы атанғанын, барша жанкүйерлерге алғысын жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаның жарқын жеңістері алда екендігін айтты.