10:01, 27 Шілде 2022 | GMT +5
Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина УЕФА штаб-пәтерінде болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Уимблдон чемпионы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) штаб-пәтерінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 23 жастағы теннисші Еуропаның бас клубтық турнирі - Чемпиондар лигасының трофейімен суретке түсті.
«Тамаша тәжірибесі мен жылы қабылдағаны үшін УЕФА-ға мың алғыс», - деп жазды қазақстандық теннисші Instagram парақшасында.
Е.Рыбакина Уимблдоннан кейінгі алғашқы жарысын АҚШ-та өткізеді. Ол 1-7 тамызда болатын Сан-Хосе WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына кімдер баратыны анықталғанын жазған болатынбыз.
Фото: instagram.com/lenarybakina