21:07, 10 Шілде 2024 | GMT +5
Уимблдон: Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында үшінші айналымға өтті
ЛОНДОН. KAZINFORM - Қазақстандық Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.
Кеше басталған ойында алғашқы сет 6:3 есебімен Соняның пайдасына аяқталғаннан кейін матч жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды. Бүгін жалғасын тапқан матчты Жиенбаева жеңіспен түйіндеді - 6:4. Кездесу бір сағат 41 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін словакиялық Рената Ямриховамен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Әмір Омархановтың жасөспірімдер арасында 1/8 финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина жартылай финалға шықты.