Уимблдон: жекелей сында Бублик пен Шевченко өнер көрсетеді

Александр Бублик пен Александр Шевченко
Фото: ҚТФ

ЛОНДОН. KAZINFORM – 1-14 шілде аралығында Лондонда өтетін Уимблдон турнирінде қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Шевченконың қарсыластары белгілі болды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуін рейтингіде 85-орындағы чехиялық, 18 жастағы Якуб Меншикпен өткізеді. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 58-сатыдағы Александр Шевченко алғашқы айналымда әлемнің 16-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен кездеседі. 

Әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер германиялық Янник Ханфман, рейтингіде екінші орындағы испаниялық Карлос Алькарас эстониялық Марк Лаялмен, сербиялық Новак Джокович чехиялық Вит Копривамен ойнайды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Германиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Уимблдонда Рыбакина мен Путинцеваның қарсыластары анықталды. 

Соңғы жаңалықтар