Уинстон Черчилльдің өлеңі бәссаудаға шығарылды

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Лондонда Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилльдің ер жеткен кезінде жазған жалғыз өлеңі бәссаудаға шығарылды.

Уинстон Черчилльдің өлеңі бәссаудаға шығарылды

Сарапшылардың пайымдауларынша, қолжазба кемінде 15 мың фунттан (20 мың АҚШ доллары шамасында) астам қаржыға сатылмақ.

«Біздің қазіргі ұранымыз» өлеңі 1889 не 1900 жылдары Черчилльдің әскери борышын өтеу кезінде жазылды. Бала шағында ол өлең шығарып, ақындар сайысында мектептің сыйақысын иеленген екен. Ал есейген соң, Черчилль тек прозаға үйір болған. 1953 жылы ол әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.