09:55, 28 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Уитни Хьюстонның қызы неден қаза тапқаны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал әнші Уитни Хьюстонның қызы неден қайтыс болғаны анықталды. Алайда, АҚШ соты Бобби Кристина Браун мәйітінің зерттеу сараптамасын әзірге жариялаудан бас тартып отыр, деп хабарлады «Associated Press» Джорджия штатының сот медициналық сарапшыларына сілтеме жасап.
Америкалық әншінің 6 ай комада жатқан 22 жастағы қызы 27 шілдеге қараған түні қаза тапқан болатын. Ол ваннада ессіз жатқан жерінен табылған. Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр.
Ал, Уитни Хьюстонның өзі 2012 жылы 11 ақпанда Лос-Анджелесте қаза тапты. Ол да қонақ үй номеріндегі ваннадан табылған. Фото: © AP Photo/ Dan Steinberg