Үкімет 2009-2015 жылдарға арналған ҚР тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептерінің даму стратегиясын мақұлдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің ойымша, стратегия жақсы пысықталған. Ол қолдауға лайықты», - деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, бұл мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шамшидинованы тыңдағаннан кейін.
К.Шамшидинованың айтуынша, бұл стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру үшін инновациялық білім беру моделін құру ұйғарылып отыр. Оның құрамына отандық және шетелдік оқытудың ең жақсы тәжірибесін үйлестіретін білім беру бағдарламаларын енгізу, халықаралық бакалавриат, химия-биология, физика-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту, көп тілді оқыту енеді.
Интеллектуалды мектептерде екі білім беру моделдерін енгізу жоспарланып отыр. Екі модельде де мектептің құрамына бастауыш, негізгі және жоғарғы мектеп кіреді.
Оның айтуынша, бұл стратегияны әзірлеуге мүдделі мемлекеттік органдар мен педагогтар қатысқан.